М.Қажыкен елордада кездесулер өткізді

Бүгін «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан ел президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Мейрам Қажыкен елордадағы штабта болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда аймақтық штабтар мен онлайн конференция өткізді. Өңірлердегі қоғамдық кеңсе мүшелері мен сенімді өкілдер сайлауалды науқанның барысы туралы баяндады. Сонымен қатар сөз барысында алдағы іс-сапарлар жайы да жоспарланды. Содан соң Мейрам Зекешұлы республикалық кәсіподақ қызметкерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті. Мұнда елдегі жұмыс беруші мен жұмыс алушы арасында әлеуметтік әріптестік жайы қаралды. Тиісінше осы тақырып аясында алдағы уақытта ауқымды шара ұйымдастыру қолға алынбақ. Кездесу Алматы қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

Үлкен, кең отырыс. Кәсіпкерлерді шақырамыз. Кәсіподақтар да болады. Сол жерде бүгінгі көтерілген мәселелерді нақты талқылаймыз. Еңбек адамының құқығы мүдделері. Бірақ былай қарағанда жұмыс берушінің да құқықтары барғой. Екі жаққа да ыңғайлы келісім болу керек.