Ақтөбеде дауыс берушілердің құқығы түсіндірілді

«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері ел аймақтарын аралап, сайлау заңнамасын түсіндіріп жүр.

Бүгін Ақтөбедегі ең ірі нан өнімдерін дайындаушы кәсіпорын жұмысшыларымен жүздесіп, дауыс берушінің құқықтарын айтып берді. Әр адамның өз таңдауын жасауы – ел үшін маңызды екенін тілге тиек етті. Сондықтан да сайлау күні саяси науқаннан қалыс қалмау қажет-деді. Ел Президенттігіне алты адамның кандидат екені де айтылды. Штаб мүшелері қаладағы жоғарғы оқу орнының ұжымымен де жүздесуді жоспарлаған. Ақтөбеден соң Орал қаласында кездесулер өткізіледі. 

Әбдікәрім Ақжанов, республикалық «адал сайлау үшін» штабының мүшесі:

- Сіздің құқығыңыз бұзылса, сіздің атыңыздан біреу дауыс беріп қойса, жергілікті сотқа барып арыз түсіруге құқығыңыз бар. Негізі ол істі қарайды. Байқаушылар болады. жаңағы сайлау учаскелерінде. Байқаушыларға тсіндіріп айту керек.