Биліктің барлық негізгі институттары жаңартылады

Бүгін Президент «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қояды.

Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформаны жүзеге асырудың келесі сатысы деп атады.Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Президент сайлауы, биліктің барлық негізгі институтын дәйекті түрде жаңғырту үдерісін бастауға жол ашқанын, сайлау ауқымды электоралды циклдің бастапқы кезеңі болғанын айтты.

ЦИТАТА.  «Біз саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырамыз. Бүгін мен «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қоямын. Осылайша жоғарғы палата депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады».