Садриддин Ахмедовтің титулдық жекпе-жегінің өтетін уақыты өзгерді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің титулдық жекпе-жегінің уақыты өзгерді.

30 қаңтарда Мексикада қазақстандық боксшы Нидерланд өкілі Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасуы қажет болған. Eye of the Tiger Management компаниясы бокс кешінің жаңа уақытын белгілеп, бір күн бұрын өткізетін болды, деп жазды prosports.kz.

Жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO белбеулері бәске тігіледі.