Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты кейінге шегерілді

Гандболдан әйелдер арасындағы биылғы Азия біріншілігі кейінге ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа жарыс кестесіне сәйкес, құрлықтық чемпионат 21-30 тамыз аралығында өтеді.

Азия гандбол федерациясы хабарлағандай, аталған дода 2021 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі болып саналады. Жоспар бойынша 2021 жылдың әлем біріншілігі Испанияда өтеді.