Елордада спорт орталықтары ашылды

Елордада үш бірдей спорттық орталық ашылды. Қалалық әкімдік мереке қарсаңында спорттық инфрақұрылымдар қатарын арттырып, бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді.

Атап айтар болсақ, астанамыздың қақ төрінен бокс орталығы, көркем гимнастика нысаны және жекпе-жек түрлерінің залы пайда болды. Енді мұнда қаладағы балалар мен жасөспірімдер және кәсіпқой спортшылар тегін негізде дайындала алады. Бұған дейн олардың жаттығуы жалға алынған кешендерде өтетін.

Самат Ерғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Әр орталықтың өзінің жауапты мекемелері бар. Бокс орталығында олимпидалық даярлау дирекциясы жауапты. Көркем гимнастикаға номері бірінші спорттық мектеп, ал мына жерде олимпиадалық емесс дирекция мекемесі. Осылардың бәрі балаларды қабылдайды.