Константин Цзюдің ұлы Головкинмен жекпе-жек өткізуді армандап жүр

Орта салмақтағы австралиялық боксшы Тим Цзю (17-0, 13 КО) орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек өткізуді армандайды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Головкинмен жекпе-жек өткізу менің арманым. Ол соңғы бес-алты жылда менің кумирім болды. Алдымен ол қол жетпес армандай көрінді, бірақ кейін бағымды сынап, неге жұдырықтасып көрмеске дедім. Оның жасы 30-дан асып кетті. Бірақ біз Австралияда керемет шоу ұйымдастыра аламыз. Сондықтан бәрі мүмкін», - деді Цзю. 

Цзюдің келесі жекпе-жегі 31 наурызда өтеді. Ол бұрын бірінші орта және орта салмақта чемпиондық атаққа үміткер болған Деннис Хоганмен (28-3-1, 7 КО) кездеседі.