Екатерина Смирнова ескекті слаломнан елімізге кезекті жолдаманы алып берді

Паттайяда ескекті слаломнан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ескекті байдаркадан Қазақстан командасының мүшесі Екатерина Смирнова лицензия иегері атанды. Ол 90,77 секунд көрсеткішімен турнирде топ жарды. Екінші орында таиландтық Яруван Нимтонг, үшінші орынға тағы бір Таиланд өкілі Атчарапорн Дуанглава орналасқан. Бұл ескекті слаломнан Қазақстан командасы иеленген екінші жолдама. Бұған дейін ерлер арасындағы каноэшілер додасында Александр Куликов Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алған еді.

Екатерина Смирнова 1988 жылдың 21 мамырында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Сондай-ақ...