Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Zagreb Open Challenger 80 турнирінің жұптық сынында финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда олар польшалық жұп Шимон Волков пен Ян Зелинскийді 7:6, 6:4 есебімен жеңді.

Енді финалда қазақстандық дуэт америкалық Эван Кинг/Хантер Риз жұбымен кездеседі.