Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді

Лос-Анджелесте қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) пен пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшылар алдағы кездесу туралы пікір білдірді. 

«Мен тамаша жаттығу жиыны өткіздім. Сенбілік кешке дайынмын. Мен Матиастың жақсы боксшы екенін білемін, бірақ мен толық дайынмын және істі нокаутпен аяқтаймын деп уәде беремін. Мен қолымнан келгеннің бәрін көрсетемін, көресіздер», - деді Батыр Жүкембаев.

Ал Матиас болса, Батырдың мансабындағы ең мықты қарсылас болатынына сенімді.

«Мен оның мансабындағы ең ауыр сынақ болатыным сөзсіз, сенбі күні кешкісін неге бұлай айтқанымды көресіздер. Біз екеуміз де нокаутшылармыз және жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталуы үшін бар күшімізді саламыз», - деді Сабриэль Матиас. 

Еске салайық, Жүкембаев – Матиас жекпе-жегі Карсонда (Калифорния, АҚШ) қазақстандық уақытпен 30 мамырда таңда болады.