Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің жартылай финалына Қазақстанның бес бірдей боксшысы жолдама алды.

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Даниял Сәбит Марк Лестерді ұтты. Филиппин спортшысы соншалықты қиындық турдырған жоқ. Даниял үш раунд бойы өз үстемдігін жүргізді. Даниял құрлық біріншілігіне тек алтын медаль үшін келдім деген.

Енді ол өзбек Нодиржан Мырзахметовпен кездеседі.

Токио олимпиадасына жолдама алған Сәкен Бибосынов индиялық боксшымен кездесті. Айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмады. Ласинду Эранданың қапталында тегеурінді көрінген біздің боксшы Пангалға есе жіберіп алды. Сәкеннің еншісінде тек қола жүлде.

Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов моңғол спортшысы Мишилт Баттумурмен өткізіп, үш раунд қортындысы бойынша жарысты жалғастыратын болды.

75 килолық салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұлдың Азия біріншілігінде жалғыз қарсыласы бар екені белгілі. Ол өзбек спортшысы Саиджамшит Жафаров. Жафаров жартылай финалда Филиппин өкілі Марсияль Феликстен басым түсті.

Әбілхан Иран боксшысы Сейедшахин Мусавидің мысын басты. Жекпе-жекті өте сабырлы өткізді. Білгенінен жаңылған жоқ. Енді екеуі бас жүлдені сарапқа салады.

Василий Левит қырғыз Рустам Ырысбекулуды жеңді. Рустам ширек финалды моңғол Сандагсурен Эрденебаярға қарсы өткізіп, өзінің мықты екенін байқатқан секілді еді. Олимпиада ойындарының жүлдегерінің алдында дәрменсіз екенін байқатты.

Бокс жанкүйерлері ең ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалоловтың арасындағы жетінші жекпе-жекке куә болады. Қамшыбек жартылай финалда Иран үміті Амириді оңай ұтты.