Өскеменде теннистен 14 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир өтті

Өскеменде теннистен 14 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир өтті. Бұл пандемияға байланысты болған үзілістен кейінгі екінші дода.

Жарыс ашық аспан астында ұйымдастырылып, санитарлық талаптар қатаң сақталды. Жаңа теннис кортында 7 қаладан келген 55 спортшы бақ сынады. Тартысқа толы бәсекеде ұлдар арасында жергілікті спортшы Нұрасыл Сұлтанбеков жеңімпаз атанды. Ал бұрымдылар арасында алматылық Еркежан Жанатаева бәрінен басым түсті.

Игорь Дзабаев, Қазақстан теннис федерациясының ШҚОФ директорының міндетін атқарушы:

- Жаңа теннис кортында жеткіншектер тартысты ойын көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Оның үстіне турнирде «Ashyq» мобильдік жүйесі қолданылып, қауіпсіздік ережелерін ұстандық.