424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Түркиядағы турнирдің финалына шықты

  • 140
  • UPD: 14:08, 20.06.2021
Демеу Жадыраев грек-рим күресінен Түркиядағы турнирдің финалына шықты фото: prosports.kz

Түркияда грек-рим күресінен ірі рейтингілік турнир жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Демеу Жадыраев финалға шықты.

77 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Демеу жартылай финалда түркиялық Серхан Акконюнді ұтты. Ақтық сында Жадыраев тағы бір түркиялық спортшы Байракпен кездеседі.

60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов пен 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов қолаға таласады.

Айдос Сұлтанғали жұбаныш белдесуінде бақ сынайды.

Хабар 24 телеарнасы