424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токиода Олимпиаданың өтуіне наразы топ тағы шеруге шықты

  • 128
  • UPD: 21:42, 20.06.2021
Токиода Олимпиаданың өтуіне наразы топ тағы шеруге шықты

Жапония астанасында бір топ белсенді жазғы Олимпиаданы өткізуге қарсы тағы наразылық шеруін өткізді.

Акцияны ұйымдастырушылар спорттық шара елде коронавирустың өршуіне әкеледі дейді. Ал жергілікті билік Олимпиаданың ашылу салтанатына 20 мың адамды кіргізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығында өтуге тиіс. Наурыз айында билік ойындар шетелдік жанкүйерлерсіз өтететінін мәлімдеді. Ал жергілікті спортсүйер қауым стадиондарға белгілі шектеулермен кіргізілмек.

Хабар 24 телеарнасы