Қарағандыда теннистен командалық чемпионат өтті

Еліміздің ең үздік теннисшілері кезекті рет Қарағандыда бас қосты. Бұл жолы командалық Қазақстан чемпионаты болды.

Екінші кезең қорытындысы бойынша «Астана» командасы көш бастады. Оның сапында ұлттық құраманың үздігі Кирилл Герасименко бар. Одан кейінгі сатыларға Шымкент пен Ақтөбеден келген командалар жайғасты. Суперлигаға жолдама алған клубтар қатарында  тағы бір елордалық және жергілікті клубтар бар. Айта кетейік, Қазақстанның суперлигасына 10 команда қатысады. Ал жоғарғы лига 19 команданың біріктіріп отыр. Олимпиадаға жолдама алған спортшыларымыз үшін бұл жазғы ойындар алдындағы соңғы дайындық болып саналады.