«Қазақстан барысы» жобасы қайта жанданды

Араға үзіліс салып «Қазақстан барысы» жобасы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ күресі бойынша республикалық турнир 4 шілдеде елордада өтеді. Финалдық сынға 37 палуан жолдама алған. Ұйымдастырушы тарап санитарлық талаптар қатаң сақталатынын алға тартады. Түйе палуандар короновирусқа қатысты тест нәтижесімен ғана жарысқа жіберіледі. Ал, көрермендер саны қысқартылды. Яғни, 5 мың орындық жекпе-жек сарайына мың адамды жіберу жоспарланып отыр.

Айта кету керек, бұл жолғы бәсекелер жаңа ережемен өтеді. Яғни, жекпе-жек уақыты 5 минуттан 4 минутқа азайтылды. Бұған қоса, жаңа төсеніште спортшылар жалаң аяқ күресуі керек.