Көкшетауда спорттық биден ел чемпионаты өтіп жатыр

«BURABAY OPEN – 2021» деп аталатын турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 5-тен 18 жасқа дейінгі 600-ге жуық спортшы қатысуда.

Олар жас ерекшеліктері мен би санаттарына қарай бірнеше бағдарлама бойынша сынға түседі. Қатысушылардың өнерін 30 төреші бағалап жатыр. Сондай-ақ аталған турнир аясында ҚР ашық біріншілігі өтіп, ел кубогы сарапқа салынуда. Айта кетейік, жарыс көрерменсіз өтіп жатыр.

Эльмира Шәріпова, облыстық Спорттық би федерациясының жетекшісі:

– «Жеңімпаздар халықаралық жарыстарға қатысады. Бірақ оның әзірге қай елде өтетіні нақты белгісіз. Ал арнайы іріктеуден өткендер әлем чемпионатына барады. Менің болжамым бойынша, Алматы, Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларының спортшылары үздік атанады.