Қазақстандық боксшы Майамидегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Шваб(6-0, 3 КО) жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, деп хабарлады Prosports.kz.

Boxrec.com порталының ақпаратына сенсек, жеңіл салмақта өнер көрсететін 26 жастағы боксшы 9 шілдеде Майамиде америкалық Рондейл Хаббертпен жұдырықтасады. 

Қос боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Екеуі де 61,2 келі салмақтың лимитін орындады.

Бұған дейін шыққан ақпаратта отандасымыз 40 жастағы мексикалық Марко Антонио Мендос Чикомен (11-10-1, 7 КО) кездеседі деп жоспарланған еді. 

Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Флорида штатында да өткізген. 22 мамырда Мэдлиде ол 21 жастағы мексикалық Карлос Хименесті (1-1-1) төрешілер шешімімен жеңді.