Жапония коронавирус салдарынан млрд-тан астам табыстан қағылады

Токиодағы Олимпиада ойындарының жанкүйерсіз өтуінің салдарынан қонақ үй бизнесіне айтарлықтай ауыр салмақ түсіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күншығыс елінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны артқандықтан, билік елде төтенше жағдай жариялаған. Шілденің 23 мен тамыздың 8 аралығы өтетін спорт мерекесінің тек 26 жарысында жанкүйерлерге стадионға кіруге рұқсат берген. Қалған 724 жарыс бос трибуналарда өтетін болады.

Арнайы жазғы ойындар болады деп Жапония астанасында ондаған қонақ үй салынған. Алайда жарысқа тек спортшылар мен журналистер келетіндіктен, қонақ үй бизнесімен айналысатындар 456 млн АҚШ доллар шығынға батады. Жалпы алғанда ұйымдастырушы ел жанкүйерлердің келмейтіндігінен 1,2 млрд АҚШ доллардан табыстан қағылып отыр.