Екатерина Смирнова Токио Олимпиадасында слаломды есуден жартылай финалға шыға алмады

Токио Олимпиадасында әйелдер арасында байдаркамен слаломды есу жарысы өтіп жатыр, деп хабарлады Prosports.kz.

Қазақстандық Екатерина Смирнова жолды 135,25 уақытта өтіп, 23-орын алды. Екі мүмкіндігінен кейін Смирнова 25-орынға тұрақтады, осылайша, жартылай финалға шыға алмады.

Екінші мүмкіндікте ең үздік нәтижені аустралиялық Джессика Фокс (98,46) көрсетті.  

Еске салайық, бұл жарыста жартылай финалға екі мүмкіндіктен кейін үздік 24 спортшы өтеді.