Су добынан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында тағы жеңілді

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Токио Олимпиадасында екінші рет жеңілді, деп хабарлады Olymic.kz.

Ел құрамасы топтық сынның екінші кездесуінде Испания құрамасына қарсы ойнады. Екеуара кездесу 16:4 (3-0, 6-0, 11-2, 11-4) есебімен испаниялықтар еншісіне шешілді. 

Ойын барысында Қазақстан құрамасынан Душан Маркович, Сржан Вуксанович (2) және Михаил Рудайкөзге түсті. 

Енді ұлттық құрама жігіттері 31 шілде күні Черногрия командасымен кездеседі.