Токио: балуан Демеу Жадыраев алғашқы айналымда қарсыласына жол берді

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен белдесулер жалғасып жатыр.

Бүгін Қазақстан сапынан бозкілемге Демеу Жадыраев шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жапониялық Якибу Сохейге жол берді. Тартысты белдесу 5:3 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.