Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді

Токиода бокстан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындараның жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа қола жүлде табысталды. Олимпиаданың қола медалін мойнына таққаннан кейін спортшы әсерімен бөлісті.

«Арманым көк байрағымызды көкке желбірету еді. Сол үшін де бар күшімді салдым. Негізі алтын медаль аламын деп ойладым, бірақ бұйырғаны қола медаль болды. Кішкене өкініш бар, десе де, осы жарыс менің ерік-жігерімді қамшылай түсті. Келесі жарыстарда елімнің маған артқан сенімін ақтаймын деген ойдамын», - дейді Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов.