Футзалдан Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландты ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды «Хабар 24» Рrosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты.

Бірінші таймда «Қайрат» командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (14 минут), сонымен қатар Чайвата Джамграджанга автогол (19 минут) соқты.

Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді.

Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).

Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.