426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Күрестен әлем чемпионаты: төрт балуанымыз жарысты бастайды

  • 104
  • UPD: 17:33, 01.10.2021
Күрестен әлем чемпионаты: төрт балуанымыз жарысты бастайды ҚР ҰОК

2 қазан күні Норвегия астанасы Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады.

Бұл әлемдік сыннан қазақстандық балуандар да тыс қалған жоқ, деп жазады Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде еркін күрестен төрт салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезеңдері мен жартылай финал белдесулері өтеді.

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан атынан Адлан Асқаров (61 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Олег Болтин (125 келі) кілемге шығады.

Әлемдік дода 10 қазан күні мәреге жетеді.

Хабар 24 телеарнасы