Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан үшінші орын үшін жарыста жеңілді

Футзалдан Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатында үшінші орын үшін матч өтті, деп жазады Prosports.kz.

Жартылай финалда Еуропа чемпионы Португалиядан ұтылған Қазақстан құрамасы қола медальға таласта Бразилиямен кездесті.

Өкінішке орай, Кака шәкірттері қарсыластан 2:4 есебімен ұтылып, турнир қорытындысы бойынша төртінші орын алды. 

Қазақстан сапынан голдарды Альберт Ақбалықов пен Тайнан соқты. 

Әлем чемпионаты - 2021. Үшінші орын матчы 

Бразилия – Қазақстан 4:2 (0:1) 

Гол соққандар: Тайнан а/г 25, Родриго 32, Феррао 34, Ле 35 – Гитта а/г 12, Тайнан 31. 

Бразилия: Гитта (Қ), Диего, Феррао, Гадея, Родриго (К); Виллиан (Қ), Марлон, Бруно, Лино, Роша, Пито, Артур, Ле, Диегиньо. 

Қазақстан: Игита (Қ, К), Тайнан, Нұрғожин, Ақбалықов, Дуглас; Атантаев (Қ), Қарағұлов, Мадияров, Валиуллин, Оразов, Есенаманов, Кнауб, Тұрсағұлов, Тоқаев. 

3 қазан. Каунас. «Каунас Арена».