«Таза жеңіс»: Махмұд Сабырхан кореялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

Бокстан Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Махмұд Сабырған келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея өкілі Инго Киммен жұдырықтасқан болатын. 

Жекпе-жек қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Махмұдқа берді. 

Осылайша, Махмұд Сабырхан өзі қатысып отырған алғашқы әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады.