Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем кубогінің жалпы есебінде топ жарды

Австрияның Инсбурк қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің соңғы кезеңі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанды Алина Дауранова жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол 1500 метрге жүгіруден 235 ұпай жинап, жалпы есепте топ жарды. 

Екінші орында Нидерланд өкілі Эвелин Виджн, үшінші орынды оның отандасы Джейж Гройневуд иеленген.