Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты тағы бір жылға шегерілді

Халықаралық су спорты федерациясы (FINA) су спорты түрлерінен әлем чемпионатын 2023 жылға шегерді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашында турнир 2021 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасы 2021 жылы өткендіктен, әлем чемпионаты 2022 жылға ауыстырылды. 

Әлемдегі коронавирусты инфекция турнирдің өтуіне тағы кедергі болуда. Енді әлемдік ұйым Фукуокадағы (Жапония) әлем біріншілігін 2023 жылға шегеріп отыр.