The Ring журналы 2022 жылы болуы тиіс жекпе-жектер тізімін жариялады

The Ring журналы биыл бокс әлемінде болуы тиіс жекпе-жектер тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жылдың басты айқасы Тайсон Фьюри (31-0-1ғ 22 КО) мен Александр Усик (19-0, 13 КО) арасында өтуі тиіс. Қос алып әлемнің абсолютті чемпионы атағына таласады.

Андеркардтағы айқастар:

- Эррол Спенс (27-0, 21 КО) пен Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) жартылай орта салмақта белбеулерді біріктіру жекпе-жегі.

- Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағына таласады.

- Жеңіл салмақта Джервонт Дэвис (24-0, 22 КО) пен Райан Гарсия (21-0, 18 КО) мықтыны анықтайды.