«Финалсыз күн». 5 ақпандағы жарыстар қалай өтті?

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан бес спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс күнін трамплиннен секіру ашты. Іріктеуде Сергей Ткаченко мен Данил Васильевге Чжанцзякоудағы ауа райы қолайсыз болды. Қатты желге байланысты спортшылар діттеген уақыттан кеш секірді. Нәтижесінде екі спортшымыз да жақсы нәтиже көрсете алмады. Васильев 70 метрге секірсе, Ткаченконың көрсеткіші одан да төмен. Алайда бұл орташа трамплиндегі негізгі кезеңге жолдама алуға жеткілікті болды. Енді ертең медальдар сарапқа салынады.

Кейін шаңғы жарысында жүлдегер сарапқа салынды. Өкінішке қарай, скиатлонның алғашқы шақырымынан кейін қазақстандық қыздар артта қалды. Онда үздік нәтижені Ксения Шалыгина көрсетті, ол норвегиялық Тереза Йохаугтан алты минутқа қалып қойды.

Конькимен жүгіру спортында Надежда Морозова 3000 метрге жарыста 13-орын алды. Ол өзінің жеке рекордынан (3.59,64) бес секундтай қалып қойды.

Могулшы Дмитрий Рейхерд финалға дейін жеткен. Бірақ суперфиналға шыға алмады. Ол Олимпиаданы 8-орынмен аяқтады. Ал Павел Колмаков екінші іріктеуден аса алмады.

Шорттрекші Әділ Ғалиахметов өз тобында үшінші орын алып, алғашқы жарысында жеңіліп қалды. Ал аралас эстафетадағы құрамамыз жартылай финалға дейін жетті. Алайда қазақстандықтар А финалына жолдама ала алмады. Жалпы, жарысты отандастарымыз 5-орынмен аяқтады. 

5 ақпандағы жарыс нәтижелері

Трамплиннен секіру

Іріктеу. Орташа трамплин. Ерлер
Данил Васильев – 49-орын (46,2, 70,5 м), Сергей Ткаченко – 50-орын (43.1, 68 м) – негізгі кезеңге шықты

Шаңғы жарысы

Скиатлон (7,5 км/7,5 км). Әйелдер
Ксения Шалыгина – 48-орын (+6:24.0), Ангелина Шурыга - 49-орын (+6:41.6), Валерия Тюленева – 51-орын (+7:17.1), Надежда Степашкина – 58-орын (+9:21.6)

Конькимен жүгіру спортшы

3000 м. Әйелдер
Надежда Морозова – 13-орын (4:04.97)

Фристайл

Могул. Екінші іріктеу. Ерлер
Павел Колмаков – 11-орын (74.09)

Могул. Екінші финал. Ерлер
Дмитрий Рейхерд - 8-орын (76.77).

Шорт-трек

1000 м, ерлер. Бастапқы кезең
Әділ Ғалиахметов – өз тобында 3-орын (1:24.855)

Аралас эстафета. В финалы
(Яна Хан, Ольга Тихонова, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов) - 5-орын