loader

Бейжің-2022:13 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады? Фото: ҰОК

Бейжің-2022:13 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар бес спорт түрінде сынға түседі.

Қазақстандық Захар Кучин тау шаңғысындағы жарысқа қатысады. 

Биатлоншылар Галина Вишневская мен Александр Мухин Бейжіңде соңғы рет өнер көрсетеді. Олар масс-стартқа шыға алмады, ал эстафетада квота жеткіліксіз.

Ертең акробаттар жарыс жолына шығады. Іріктеуде Жанбота Алдабергенов мен Ақмаржан Қалмырзаева бақ сынайды.

Конькимен жүгіруде Екатерина Айдова 500 метрге жарыста өнер көрсетеді. 

Ал кейін шорт-трекшілерімізді 500 метрге жарыстың ширек финалы күтіп тұр. Абзал Әжғалиев, Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов биылғы Олимпиададағы соңғы жарысына шығады.

13 ақпандағы жарыс кестесі

Тау шаңғысы
8:15 Гигант слалом. Ерлер. Бірінші мүмкіндік
11:45 Гигант слалом. Ерлер. Екінші мүмкіндік

Биатлон
15:00 Із кесу жарысы. Әйелдер.
16:45 Із кесу жарысы. Ерлер.

Фристайл
17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Әйелдер
17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Әйелдер

Шорт-трек
17:00 500 м Ширек финал. Ерлер
17:27 500 м. Жартылай финал. Ерлер
18:14 500 м. Финал. Ерлер

Конькимен жүгіру спорты
19:56 500 м. Әйелдер

Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Бірінші арна, Россия 1 - 14:55 және 16:40 (биатлон).
Хабар, Матч Арена - 16:55 (шорт-трек)
Хабар, Матч ТВ - 19:00 (конькимен жүгіру спорты)
Qazsport, Матч Игра - 16:55 (шаңғы акробатикасы)
Qazsport, Матч ТВ, Матч Арена - 8:10, 11:40 (тау шаңғысы)

Сондай-ақ...