Бублик ATP рейтингісінде өзінің жеке рекордын жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңарған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик бір сатыға көтеріліп, мансабында алғаш рет әлемдік рейтингте үздік 30 теннисшінің қатарына енді. Осылайша ол өзінің жеке рекордын жаңартты.

Өзге қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попко алдыңғы аптамен салыстырғанда екі саты жоғарылады. Тимофей Скатов пен Денис Евсеев бес саты, Александр Недовесов жеті сатыға жоғарылады.

ATP рейтингісіндегі алғашқы 10-дықта өзгеріс болған жоқ.