Басы дауға қалған Джокович Дубайда алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Дубайда өтіп жатқан АТР турнирінің алғашқы кезеңінде сербиялық теннисші Новак Джокович италиялық Лоренцо Музеттиден басым түсті (6:3, 6:3).

Бұл сербтің Австралиядағы даудан кейінші алғашқы ойыны, деп хабарлайды «Хабар 24». Естеріңізде болса, Новактың Australian Open-ге қатысуына рұқсат берілген жоқ.

Оған Джоковичтің коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны себеп.

Енді Джокович ресейлік Карен Хачанов/австралиялық Алекс Де Минаурдың қай жеңгенімен кездеседі.

Dubai Duty Free Tennis Championships АТР турнирі

Сыйақы қоры ­­– 2 794 840 доллар

Новак Джокович (Сербия, 1) – Лоренцо Музетти (Италия, WC) – 6:3, 6:3.