Головкин суперчемпионмен жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратаға қарсы жекпе-жек өтетін Жапонияға аттанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қазақстандық боксшы Twitter парақшасында мәлімдеді. GGG ұшақ салонында түскен суретін жариялап, «Жақында жүздесеміз, Жапония!», – деп жазды.

Айта кетейік, орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынатын Головкин – Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада өтеді.