Самат Смақов футбол клубына басшы болып тағайындалмақ

«Ақтөбенің» бұрынғы спорттық директоры Асхат Калжановтың мәліметінше, танымал футболшы Самат Смақов Семейдің жаңа футбол клубының басшысы атануы мүмкін.

Мұның алдында Семейде жаңа клуб құрылатыны айтылған. Көпшіліктің сұрауымен ол «Елімай» немесе «Абай» деп аталуы мүмкін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздағы жолдауында еліміздің шығысында Абай облысы құрылатынын айтқан болатын.