«Барселона» құны 45 млн еуро ойыншыны тегін алатын болды

«Милан» жартылай қорғаушысы Франк Кессье жаңа футбол маусымынан бастап «Барселона» сапында ойнайтын болды, деп жазады vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, ивуарлық футболшы биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап каталондық клубтың намысын қорғайды. Себебі оның итальялық командамен жасалған келісімшарты маусым айында бітеді.

Кессье соңғы бір жылдың ішінде «Милан» сапында алаңға 36 рет шығып, 6 гол соқты. 25 жастағы ойыншының трансферлік құны 45 миллион еуро тұрады. Өз елінің құрамасында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жартылай қорғаушы осы уақыт аралығында 58 матчта 6 гол салды.