Бензема Роналдудың рекордын қайталады

«Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы жартылай финалының қарымта кездесуінде «Манчестер Ситиді» 3:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бір гол соқты.

Осылайша, ол Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде бір маусымда 10 гол соққан екінші ойыншы атанды. Бұған дейін бұл тек Криштиану Роналдудың қолынан келген (2016/2017 жылғы маусымда). 

Айта кетейік, алғашқы жартылай финалдық ойында «Манчестер Сити» өз алаңында «Реалды» 4:3 есебімен жеңген.