Ауыр атлетика: Алексей Чуркин әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Қазақстандық ауыр атлет өз салмақ дәрежесінде екінші сатыға тұрақтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасындағы байрақты бәсеке Грекияда өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 73 келіге дейінгілер арасындағы сындар болды. Ел намысын қорғаған Алексей Чуркин жұлқа көтеруде 146, ал, серпе көтеруде 183 келіні басынан асырды. Яғни қоссайыс қорытындысы бойынша 329 келіні бағындырды. Бұл жарыс жеңімпазының көрсеткішінен 12 келіге аз. Сәйкесінше, алтын жүлде Индонезия, ал, күміс Қазақстан спортшысына бұйырды. Үздікті үштікті АҚШ өкілі түйіндеді. Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Петр Хребтов бас-аяғы 307 келіні көтеріп, жалпы есепте 5-орынға жайғасты. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 мамырға дейін жалғасады және осы аралықта тағы 6 спортшымыз бағын сыйнайды. 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Үздік палуандар анықталды. Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Оған Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 150-ден аса спортшы қатысып, 10 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтаған еді. Жарыстың соңғы күні бозкілемге орта және ауыр салмақтағы классиктер шықты. Нәтижесінде 60 келіде қазақстандық Досжан Өтепқалиев қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Артынша жеңіс жолын 67 келідегі Дінмұхаммед Қошқар мен 87 келідегі Мақсат Сайлау жалғастырды. Ал, 72 келіде қарғызстандық, 130 келіде өзбекстандық спортшылар топ жарды. Айта кетейік, даңқты палуан әрі олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир жыл сайын тұрақты ұйымдастырылады. Алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтіп, бағдарламаға еркін күрес және әйелдер күресін де қосу жоспарланып отыр.

Самат Ерғалиев, ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ШАХМАТШЫ

Қазақ баласы абсолютті әлем чемпионы атанды. Елордалық Қазыбек Нөгербек шахматтан дүниежүзілік додада алдына жан салмай, оның рапид түрінде де, блиц түрінде де топ жарды. Жастар арасындағы байрақты бәсеке Грекияда өткен еді. Оған 40 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысқан еді. Араларынан Қазыбек 2 алтын еншілеп, ел абыройын асқақтты. Жас чемпионды елорда әуежайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Бұдан бөлек, ұлттық құрама қоржынында тағы 3 медаль бар. Қыздар арасында Назерке Нұрғали әлем чемпионы атанса, 14 жасқа дейінгілер арасында Даниал Сапенов блитц түрінде күміс, рапидте қола жеңіп алды.