Лионель Месси жаңа клубты таңдады

Футболдан «Пари Сен-Жермен» клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды «Қазақ спорты».

Diario AS мәліметінше, 34 жастағы футболшы 2023 жылдың жазында «Интер Майами» клубына ауыспақ.

Месси аталған американдық клубтың басшыларының біріне айналады. Бұл жобада Англия мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм де барын айта кету керек. Аргентиналық «Интер Майами» акцияларының 35 процентін сатып алуды жоспарлап отыр. Қазір тараптар келісімге келіп үлгерген.  

Месси ПСЖ сапында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Бұл маусымда ол 33 матчта 11 гол соғып, тағы 13 нәтижелі пас берді. Келісімшарт келесі маусымның соңында аяқталады.