Қазақстандық теннисші күміс жүлдеге ие болды

Құрманғалиев – күміс жүлдегер. Қазақстандық теннисші Польшадағы халықаралық турнирге қатысып, жеңіс тұғырына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

17 жастағылар арасындағы бәсекеде Алан Құрманғалиев алдымен Италия спортшысын ұтты. Артынша Литва, Польша, Мексика және Корея өкілдерін жарыс жолынан шығарды. Соңғы сындарда франциялық Натана Ламаны жеңіп, финалға жолама алған еді. Шешуші кездесуде тағы бір кореялық О Чжун Сунға есе жіберді. Осылайша ұлттық құрама өкілі жалпы есепте екінші сатыға тұрақтады. Айта кетейік, дәл осы Алан Құрманғалиев жуырда ғана әлемдік рейтингте бірден 971 саты жоғырылап, рекордттық нәтиже тіркеген еді. Бұған дейін 1269-шы болса, қазір алдыңғы үш жүздіктің қатарында.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҮШІН ҚАТАРЫНАН АЛТЫНШЫ ЖЕҢІЛІС

Финляндияның Хельсинки қаласында хоккейден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні Қазақстан және Германия құрамалары жолықты. Есепті біздің жігіттер ашты. Екінші кезең басында Роман Старченко мергендігімен көзге түскен. Германия хоккейшілері ә дегеннен таразы басын теңестіріп үлгерді. Артынша  Егора Петухова та мүмкіндігін мүлт жібермей, Қазақстан құрамасын алға шығарған еді. Араға 30 секунд салып қарсыластар тағы да қарымта шайба соқты.

Ойын осындай қарқынмен 47-минутқа дейін жалғасты. Үшінші кезең соңында 4:4 есебі тіркеліп тұрған. Германия сапындағы Язин Элиц қақпаны дәл көздіп, өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 5:4. Осының арқасында Германия 12 ұпай жинап, «А» тобының екінші сатысына жайғасты. Ал, Қазақстан 0 ұпаймен ең соңында тұр. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді Италия хоккейшілерімен кездеседі. Хельсинки қаласындағы турнир 29 мамырға дейін жалғасады.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ АЛДЫҢҒЫ ОНДЫҚТА

Италияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр. Джиро де Италияның кезекті 15-кезеңінде спортшылар 177 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде жергілікті Джулио Чикконе топ жарды. Ол аталған аралықты 4 сағат 37 минутта жүріп өтті. Ал, қазақстандық клуб сапынан ең тәуір көрсеткішке Фабио Феллине қол жеткізді. Ол мәре сызығын 11-ші болып кесті. Ал, команда үздігі Винченцо Нибали 18-сатыда. Соның арқасында жалпы есептегі жағдайын жақсартып, қазір 8-орынға көтерілді. Қазақстандық клубтың өзге өкілдері, оның ішінде, Джосеп Домбровский кезең қорытындысы бойынша 33-ші, Давид де Лакруз бен Вадим Пронский, сәйкесінше, 42-ші және 54-орындарға жайғасты. Алда әлі 6 кезең бар. Биылғы бәсеке 29 мамырға дейін жалғасады.

ЛУЦЕНКО АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК ВЕЛОШАБАНДОЗЫ АТАНДЫ

Луценко – Азияның үздігі. Халықаралық велошабандоздар одағы әлемдік рейтингтерді жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық Алексей Луценко құрлық бойынша тізімнің көшін бастап тұр. Жерлестіміздің еншісінде  1233 ұпайы бар. Ал, одан кейін келе жатқан Жапония және Моңғолия спортшыларында, сәйкесінше, 429 және 416 ұпайдан. Луценко қазір 29 жаста және осы аралықта 3 мәрте Азия ойындарының жеңімпазы атанып үлгерді. Бұған қоса, Азия және әлем чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар жаңартылған тізімде  ұлттық құрамалар бойынша Қазақстан құрлықтық деңгеде бірінші орынға жайғасса, Алматы клубы өз санатында үздік үштікті түйіндеп тұр.