Нариман Құрбанов Азия біріншілігінің жүлдегері атанды – спорттық гимнастика

Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов 14,800 ұпаймен ат снарядындағы жаттығулардан Азия біріншілігінің күміс жүлдесін ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші орынды иорданиялық гимнаст (15,255) иеленсе, қола жүлде Қытай өкіліне (14,600) бұйырды.

Еске салайық, Катар астанасы Дохада 12-19 маусым аралығында Азия біріншілігі өтуде.

Қазақстан құрамасы сапында:

  1. Милад Карими
  2. Нариман Құрбанов
  3. Ілияс Әзізов
  4. Фарух Нәбиев
  5. Дмитрий Патанин жаттығып жатыр.

Бапкерлер:

  1. Горбачев С. В.
  2. Кудратуллаев А.
  3. Курбанов Х. Ш.
  4. Ким А. Т.

Құрлықтық біріншілік осы күзде өтетін әлем чемпионаты қарсаңындағы лицензиялық турнир.