Исламиадада қазақстандық спортшылар 36 медаль еншілеп үлгерді

Олардың 12-і алтын, 5-і күміс, 19-ы қола, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп қазақстандықтар медаль саны жөнінен төртінші орында тұр. Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жалпы командалық есепте қазақстандық спортшылар төртінші орында келеді.

Өткен тәулікте ауыр атлет Зульфия Чиншанло (59 келі), әйелдер күресінен Елена Шалыгина (65 келі) чемпион тұғырына көтерілді. Ал таеквандодан 87 келіде Бауыржан Хасенов, грек-рим күресінен 55 келіде

Аманғали Бекболатов қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан ел құрамасы аталған додада 3 күміс, 1 қола алды. Жалпы командалық есепте Түркия 114 (41 алтын, 41 күміс, 32 қола), Иран 54 (22 алтын, 18 күміс, 16 қола), Өзбекстан 53 (18 алтын, 14 күміс, 21 қола) медальмен алғашқы үштікте келеді.

Ислам ынтымақтастығы ойындары биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.