Рината Сұлтанова құрлықтық додада жүлдеге ілікті – велоспорт

Дәл қазір Тайландта тректен Азия кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық Рината Сұлтанова әйелдер арасындағы командалық сынға қатысып, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, дәл осы жерлесіміз жуырда ғана Ислам ойындарынан да 3 алтын және 1 күміс жеңіп алып, елге олжалы оралған еді.