GGG vs Canelo: салмақ өлшеу рәсімі өтті  

Головкин мен «Канело» жекпе-жек алдында, салмақ өлшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гена Сауль Альварестен азғантай грамға ауыр болып шықты. Трипл G-дің салмағы 76,1 келі болса, ал Канелоның салмағы, 75,9 келі. Шамалы айырмашылық бар. Бұл категориядағы шекті салмақ – 76,2  килограмм. Осылайша, екі боксшы да супер-орта саЛмаққа белгіленген лимиттен сәтті өтті. Боксшылар супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін айқасады.