«Барыс» хоккейшілері Ресейдің «Сочи» командасын жеңді

«Барыс» жеңіске жетті. Құрлықтық Лига аясында елордалық клуб бұл жолы өз алаңында «Сочи» командасын қабылдаған болатын. 

Матч қонақтардың белсенділігімен басталды. Бірінші кезеңде «Сочи» сапындағы Никита Зоркин пен Никита Пивцакин мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңде «Барыс» ойыншылары Антон Сагадеев пен Джереми Бракко таразы басын теңестірді, ал Энтони Луис өз командасын алға шығарды. Осылайша қос тарап тең дәрежеде өнер көрсетіп, негізгі ойын уақытында 4:4 есебін тіркеді. Ал қосымша уақытта Линден Вей мүмкіндігін мүлт жібермей, «Барысқа» жеңіс сыйлады. Осының арқасында Андрей Скабелка баптайтын жігіттер 13 ойында 15 ұпай жинап, Шығыс конференциясының 6-сатысына жайғасты. Енді «Барыс» осы тізімнің соңғы сатысында тұрған Нефтихик командасымен кездеседі. Матч ертең елордада өтеді.