Азия теннис федерациясының рейтингі бойынша қазақ қыздары көш бастап тұр

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингті өзгертіп, жаңартылған тізімді жариялады.

14 жасқа дейінгі қыздар арасында астаналық Альбина Кәкенова бұрынғыша көш бастап келеді. Оның есебінде 3922 ұпай бар. Сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева мен астаналық Ариана Гогулина  үздік ондықта. Олар сәйкесінше 4-ші және 8-ші орындарда. Ал 16 жасқа дейінгі қыздар арасында алматылық Сафина Сафиуллина 720 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Алматылықтар Полина Слепцова алтыншы, Айя Нұпбай тоғызынша сатыда. Жасөспірім ұлдар  арасында астаналық Кәрім Темірлан 2-ші, алматылық Тихон Сорокин 7-ші сатыға жоғарылады. Айта кетейік, Қазақстанның ересектер құрамасы да соңғы жылдары жақсы өнер көрсетіп, әлемдік рейтингте көтеріліп келеді. Мәселен, биыл ерлер құрамасы да, әйелдер құрамасы да командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты. Бірақ Шотлдандияда өткен шешуші жарыста топтық іріктеуден аса алмай, жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.