Ботагөз Қапанова жеңіс тұғырына бір қадам жетпей тоқтады
Жүлдеге сәл жетпей тоқтады.
Әзербайжан астанасында таэквондодан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты жалғасып жатыр және кезекті рет жерлесіміз ширек финалдан аса алмады. Айта кетейік, бұның алдында орта салмақтағы Жансель Дениз жартылай финалға шыға алмап еді. Бұл жолы дәл солай жеңіл салмақтағы Ботагөз Қапанова да жеңіс тұғырына бір қадам жетпей тоқтады. 49 келіде өнер көрсеткен қазақ қызы іріктеу кезеңінде Румыния, Канада және Әзірбайжан спортшыларын ұтты. Ал ширек финалда түркиялық Мерве Динчелге есе жіберді. Ботагөзден бөлек, ерлер арасында қазақстандық Нұрлан Мырзабаев пен Смайыл Дүйсебай да бағын сынады. Бірақ, екеуі де екінші айналымда жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Смайыл Дүйсебай, Ұлттық құрама мүшесі:
- Бакудегі әлем чемпионаты 5-ші маусымға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеге 145 елден мыңға жуық таэквондошы қатысып жатыр және жарыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының жолдамасына қажетті рейтингтік ұпайлар беріледі.