Әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик ресейлік Аслан Карацевпен бірге Роттердамда (Нидерланды) АТР-500 аясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz. Бублик пен Карацев 1/8 финалда Рэйвен Клаасен (ОАР) мен Бен Маклахланнан (Жапония) басым түсті. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылып, 4:6, 6:4, (11:9) есебімен аяқталды.