Жамбыл облысында қыс басталғалы 107 көлік қар құрсауынан шығарылды. Олардың бәрі қарлы боран, тұман кезінде республикалық маңызы бар тасжолдардағы қауіпті учаскелерде қалып қойған.
Иран президенті Масуд Пезешкиан ядролық бағдарламаға қатысты АҚШ-пен келіссөздерді бастауға бұйрық берді. Бұл туралы «Фарс-ньюз» ақпарат агенттігі хабарлады.
Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барады. Бұл Қазақстан басшысының 2003 жылдан бергі алғашқы сапары.
Бүгін Ұлттық баспасөз күніне орай белгілі қаламгер, қазақ прозасының жампозы Шерхан Мұртазаның қолжазбалары мен құнды құжаттары зиялы қауым өкілдерінің назарына ұсынылды.
Жоғарғы сотта кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау стандарттары талқыланды. Семинарға судьялар, адвокаттар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Байқоңырда электр желілері мен жылу құбырларының 70 пайызға жуығы ескірген. Қазір қалада инфрақұрылымды жаңғырту бойынша арнайы жол картасы жүзеге асып жатыр.
Мәжіліс депутаттары отандық бронетехника өндірісімен танысты. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Астанадағы зауытты аралап, өндіріс барысымен танысты.
Жаңа Конституция жобасына енгізілген ғылым мен білім салалары Қазақстан дамуының стратегиялық басымдығына айналады. Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин конституциялық реформаны қолдайтынын айтты.
Вице-президент институтын құру – елдегі жүйелік тәуекелдер деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Мәселен, билік ауысқан сәтте мемлекет тиісті сабақтастық механизмін қолданып, шұғыл әрекет етуге мүмкіндік алады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.